Залдар
Этнография залы
Этнография залында қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер—тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару – жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған. Ағаш шебері Айдос Мұратовтың, зергер ұсталар Кеңес Орынбаев, Әділгереев Бекмағанбет, Оразымбетов Баймағанбет, Досымов Ахмет және т.б туралы деректер сыр шертеді.
Батырлар залы
Елін, жерін қорғаған батыр, би бабаларымыз туралы тарихи деректер, Сайрам соғысының қаһарманы Тілеу Айтұлы, Шекті руының биі, батыр әрі әулие Есет Көтібарұлы, ел жадында әрі батыр, әрі би, әрі молда, мырза болған Қарағұл Қонақбайұлы, қазан жүрек Қайдауыл батыр, Мөңке би, Достан би, Мырзағұл Шыманұлына арналған экспозициялар орналасқан
Өнер залы
Қазақтың ұлы композиторы Қазанғап және күйшілеріміз, ақын, жыршы-жырауларымыз , мұғалімдер, спорт шеберлері және мәдениет саласының майталмандары, өлкеміздегі сырға толы тарихи-ескерткіштер жайында мағлұматтар берілген.
20-40 жылдар Шалқар өңірі залы
Ауылшаруашылығы, құрылыс саласының еңбек ардагерлері және ғасырлық тарихы бар Орынбор – Ташкент теміржол мекемелері, революционер Ә.Жангелдин керуенінің Шалқар өңіріне келуі туралы деректер топтастырылған.
Ұлы Отан соғысы залы
Шалқар өңірінен 1941-1945 жылдардағы соғысқа аттанған жауынгерлер, Кеңес Одағының батыры І.Үргенішбаев, Даңқ орденінің толық иегері Ш.Рафиков,алғашқы ұшқыш Қ.Ақшолақов, тыл және ауған ардагерлерінің ерліктері, пайдаланған заттары қойылған.
Тәуелсіз Қазақстан залы
Қазақстан Республикасының ұлттық нышандары, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тарихын, дәстүрін насихаттайтын ассамблия, атақты жерлестерге арналған стендтер, ауданның әлеуметтік экономикалық өркендеуіне үлес қосқан ел мақтаныштары, денсаулық саласы қызметкерлері, өлкеміздің ұлылары, аудан басшылары туралы мәліметтер орналасқан.
Табиғат залы
Табиғат бөлімінде киелі Шалқар өңірінде мекен ететін аң-құстар, емдік қасиеті бар шөптер, «Шалқар суы»минералды цех , альпинист М.Тағыбергенов, алғашқы топограф Б.Халиков жайында мағлұматтар жиынтығы экспозицияға орналастырылған.