Металл бұйымдар бойынша барлық экспонаттар тізімі - 119


Фонарь

Фонарь-пілтемен керосин құю арқылы жанатын қолға ұстап жүруге ыңғайлы тұрмыста пайдаланылған жарық көзі.


Құмыра

Құмыра -темірден жасалған,екі жағында ұстайтын құлағы бар.


Горн,барабан.

Пионер ұйымы жұмыс жасаған уақытта пайдаланған музыкалық аспап. Горн, барабан тартушылар саптың алдында тұратын болған.


Солдат каскісі

Солдаттардың майдан даласында оқтан қорғану үшін киетін бас киімі.


Теміржолшы бас киімі.

Теміржолшылардың қызмет бабында киген бас киімі .


Құрал жабдықтары: біз,егеу

Зергер, ағаш шебері Оразымбетов Баймағанбет пайдаланған


Шам

Зергер, ағаш шебері Оразымбетов Баймағанбет пайдаланған


Білезік қалыптары (әр түрлі)

Білезік соғуға арналған


Қалып (сақина соғуға арналған)

Ұста Дүйсенбі ұлы Есім пайдаланған.


Қалып (білезік соғуға арналған)

Ұста Дүйсенбі ұлы Есім пайдаланған.


Қысқыш (Зергердің пайдаланатын құралы)

Ұста Дүйсенбі ұлы Есім пайдаланған.


Таразы (Зергерлік бұйымдарды өлшейтін )

Ұста Дүйсенбі ұлы Есім пайдаланған.


Шалғы

Шөп шабуға арналған ауылшаруашылық бұйымы


Жебе

Есет Көтібарұлының 190 жылдық мерейтойына арнап жасалған


Эксковатор

Шалқар-Бейнеу теміржолын салуға пайдаланған экскаватор макеті.


Автогрейдер

Шалқар -Бейнеу теміржолын салуға пайдаланған автогрейдер макеті


Қасық

Ұлы Отан соғысының ардагері Төлегенов Садықтың соғыс кезінде пайдаланған қасығы


Мылтық шүріппесі

Қазақтың бес қаруының бірі


Кісен

Кісен-жылқыны матау әбзелі.Кісеннің аттың аяғына салатын жерінің темірі екі бөлшектен тұрады.


Қақпан

Түз тағысы қасқыр аулауға арналған


Бульдозер

Шалқар-Бейнеу теміржолы желісінің құрылыс жобасында пайдаланған бульдозер макеті


Трактор

Шалқар-Бейнеу теміржолы желісінің құрылыс жобасында пайдаланған трактор макеті


Поднос -ыдыс тасуға арналған.

Шалқар ауданы Байкадам өңірінен шыққан Құдабай жырау пайдаланған


Оқ

Садақтың оғы


Қоңырау

Мектепте сабақ арасында үзіліс жасауға арналған дыбыс шығаратын зат


Дүрбі

Дүрбі – алыстағы нәрселерді ұлғайтып көруге арналған оптикалық прибор. Дүрбіні бинокль деп те атайды.


Ыдыс-аяқ.

Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтенов Қалидың соғыс жылдарында тұтынған ас ішетін ыдысы Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтенов Қалидың соғыс жылдарында тұтынған ас ішетін 2.қасығы


Жазу машинкасы "Veb Robotron -Optima"

Редакцияда 27 жыл қолданылған. 1979 жылы Мәскеу қаласынан әкелінген.


Кубок

Азия чемпионы Нұрбол Қалжановтың жарыста алған кубогі .X Международный турнир по боксу на кубок "Достық-Дружба".г.Аксай. 23-28 октября 2007г