Муляж категориясы бойынша барлық экспонаттар тізімі - 17. Оның ішінде негізгі қордағысы - 17 , қосымша қордағысы - 0 39. 39. .


Бұрыш(болгар)

Болгар бұрышының құрамында антиоксиданттар, жасұнық және С дәрумені бар. Оған қоса, олардың құрамы бірдей болса да, түстері әртүрлі.


Қызыл бұрыш

Қызыл бұрыш (Capsіcum annuum) — алқа тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс өсімдігі. Қызыл бұрыш ауа райы 13С-тан төмен болмайтын аудандарда егіледі. Қазақстанда оның ащы және тәтті түрлері көшеттен өсіріледі.


Баклажан (Кәді) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі.


Алма

Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.


Қияр

Қияр (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей.


Саңырауқұлақ

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды.


Помидор

Қызанақ, томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған.


Жуа


Сарымсақтар


Алмұрт


Апельсин


Құлпынай